Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасының жолдамасын иеленді деп хабарлайды Olympic.kz.
81 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Бекзад ширек финалда тәжікстандық Шаббос Нигматоллаевпен кездескен болатын. Кездесу өте тартысты өтті. Тіпті, соңғы раунд басында Бекзаттың қабағын жарып алғаны жекпе-жекті одан әрі шиеленістіре түскен еді. Алайда, кездесу қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталды. Бес төрешінің бесеуі де жекпе-жекте Нұрдәулетовтің мықты болғанын растады. Осылайша, бокстан Қазақстан қоржынына екінші жолдама түсті.
Бұған дейін Абылайхан Жүсіпов Токио ойындарына лицензия ұтып алған еді.