Қазіргі таңда коронавируспен ауырып жансақтау бөлімінде жатқан науқастардың басым көпшілігі үй жағдайында немесе жеке емшара кабинеттерінен өз беттерімен ем алған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алайда дәрігерлер коронавирустық инфекцияның белгілері пайда болған жағдайда бірінші кезекте мобильді бригадаға хабарласыңыз немесе инфекциялық аурухананың төрт бірдей қабылдау бөлімі 24 сағат халыққа қызмет көрсетеді деп тұрғындарға ескерту жасады, делінген Маңғыстау облыстық ауруханасы таратқан ақпаратта.