ҚМ 25744 әскери бөлімі мен Маңғыстау облысы ҰҚК Шекара қызметі департаментінің 300-ден астам әскери қызметкерлеріне міндетті медициналық сақтандырулар рәсімделмегені анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Гарнизон әскери прокуратурасымен аталған әскери бөлімдер мен мекемелердің басшыларына прокурорлық қадағалау актісін енгізіп әскери қызметкерлердің конституциялық құқықтары қорғалды, жауапты лауазымды тұлғалар тиісті жауапкершілікке тартылды.
Бұл туралы Ақтау гарнизонының әскери прокуратурасы 2020 жыл және 2021 жылдың өткен кезеңінде Ақтау гарнизонының әскери бөлімдер мен мекемелерінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамалардың сақталуын қадағалау жағдайына талдау жүргізілгенде айтылды.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 29-бабына сәйкес, азаматтар заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға құқылы.
«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заңның 1-бабында Қазақстан Республикасының азаматтарын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруы көзделген.
«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Заңның 44-бабы 5-тармағына сәйкес, әскери қызметшілерді әскери-медициналық мекемелерде (ұйымдарда, бөлімшелерде) медициналық қамтамасыз ету бюджет қаражаты есебінен, сонымен қатар тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемінің шеңберінде жүзеге асырылады.
Жоғарыда көрсетілген талаптардың негізінде, 2019 жылдың 8 ақпанында Қазақстан Республикасының Қорғаныс және Денсаулық сақтау министрліктері арасында Қазақстан Республикасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл туралы келісімге қол қойылды.