Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен 2023 жылға арналған кандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы белгіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 2023 жылға қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1925 адам мөлшерінде, сондай-ақ 2023 жылға арналған қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6727 адам мөлшерінде белгіленді.
Мәселен, 2022 жылы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы 1499 адамды, ал қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы 6587 адамды құрады.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша 17 888 этникалық қазақ Қазақстанға оралып, қандас мәртебесін алған. Жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 миллион 105,7 мың этникалық қазақ оралды.