Қарақия ауданы, Мұнайшы ауылында заңсыз су ұрлаған тұрғын анықталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қарақия аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тұрмыс-Сервис» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны Мұнайшы ауылы бойынша су бақылаушылары тұрғындардың су есептегіш құралдарын тексерген.
Тексеру кезінде заңсыз жолмен диаметрі 15мм2 су есептегіш құралына (магнит) жапсыру арқылы су ұрлаған Ақбөбек-2-1-5-ші үйінің тұрғынын анықталған.
Су ұрлығы бойынша АКТ (айқындама) жасақталып, су шығынымен үй иесі таныстырылған.