© Gov.kz
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті прокуратура органдарымен бірлесіп «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға қатысты монополияға қарсы заңнаманың сақталуына тексеру жүргізді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Тексеру қорытындысы бойынша Акционерлік қоғамның іс-әрекеттерінде мұнай өнімдерін өткізуді шектеу бөлігінде өзінің үстем жағдайын теріс пайдалану фактілері анықталған.
Осылайша, Акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеген, ал кейбір жағдайларда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасаған.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша Акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғады.
Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Бүгінгі күні айыппұл толық көлемде төленді.