«Маңғыстау» газеті бас редакторының орынбасары Валентина Қозыбақова «Үркер» сыйлығын иеленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Ұлттық бәйге жүлдесі алғаш рет «МаңғыстауМедиада» қызметкеріне бұйырды. Баспа, радио, интернет-журналистика саласындағы үздіктерді анықтайтын Ұлттық бәйгеге қатысқан «Маңғыстау» газеті бас редакторының орынбасары Валентина Козыбакова аталған сыйлыққа лайық деп танылды.
Қырық жылға жуық уақыт журналистика саласында аянбай тер төгіп келе жатқан әріптесіміз «Жылдың үздік сараптамалық материалы» аталымында үздік атанып отыр.