Жаңаөзен қаласында жүгіруден 10 және 21 км арналған республикалық жартылай марафон өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Спорттық шара «Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының бастамасымен, қала әкімдігінің қолдауымен, «Көркем Әлем» компаниясының ұйымдастыруымен өтті.
Марафонға Астана, Алматы, Қызылорда, Орал, Атырау, Қарағанды, Ақтөбе қалаларынан барлығы 400-ге жуық спортшы қатысты.
10 шақырымға жүгірген ерлерден Еркебұлан Аташов 40 минут 14 секундта мәреге жетіп, І орынға ие болды. Жарас Айтуаров 42 минут 6 секунд жүгіріп ІІ орын алды. Ал 43 минут 6 секунд жүгірген Руслан Орынбасаров ІІІ орынға ие болды.
Ал әйелдер категориясы бойынша Айгерім Құлатаева 52 минут 22 секунд жүгіріп І орынға, Айгүл Джиенбетова 55 минут 2 секунд жүгіріп ІІ орынға, 57 минут 24 секунд жүгірген Татьяна Елеференко ІІІ орынға лайық деп танылды.
21 шақырымды 1 сағат 12 минутта жүгірген Аман Нұркелді І орын, 1 сағат 26 минут жүгірген Архат Исенгалиев ІІ орын, 1 сағат 28 минут жүгірген Руслан Арипов ІІІ орын алды.
Әйелдер арасында І орынды 1 сағат 54 минутта мәреге келген Александра Бекишева, ІІ орынды Жадыра Иманбаева, ал 1 сағат 59 минут жүгірген Елена Кузочкина ІІІ орынды жеңіп алды.
10 шақырым жүгіріп, І орын алған қатысушыға 100 мың теңге, ІІ орынға 75 мың теңге, ІІІ орынға 50 мың теңге сыйақы мен дипломдар берілді.
Ал, 21 шақырымды бағындырған үздіктерге 150 000, 100 000, 75 000 теңге көлемінде қаржылай жүлде тарту етілді. Барлық қатысушыларға арнайы медальдар табысталды.
Марафонның жоғары деңгейде өтуіне Жаңаөзен қалалық кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі де қолдау көрсетті.