Ақтауда Мұқыр Ниязұлына арналған оқу аудиториясының салтанатты ашылуы өтті. Аудитория Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде орналасқан. Мұқыр Ниязұлы Екінші дүниежүзілік, жапон және корей соғыстарының ардагері болған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Салтанатты іс-шараға Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев, Ш.Есенов атындағы университет президенті Берік Ахметов және қонақтар мен Мұқыр Ниязұлының ұрпақтары қатысты.
Іс-шарада ардагердің өмірбаянынан фильм көрсетіліп, студенттерге қажетті барлық құрылдармен жабдықталған жаңа оқу аудиториясына экскурсия жүргізілді.
Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Мұқыр Ниязұлының өмірі көпке өнеге, үлгі екенін атап өтті.
- Оның соғыс кезінде Отанымыздың ар-намысын қорғау үшін жасаған ерліктері көпшілік үшін маңызды үлгі болып қала береді. Мұнда оқитын студенттер өздерінің батыр ата-бабаларының ерліктерін көріп және оның өміріне қатысты ақпаратты зерттеуге мүмкін туады. Бүгінде Мұқыр Ниязұлының ұрпақтары облыстың түрлі салаларында қоғамға белсенді қызмет етуде,- деп атап өтті Нұрлан Ноғаев.
Мұқыр Ниязұлы үш соғысқа қатысқан.
Соғыстан кейін Мұқыр Ниязұлы кешкі мектепті бітірген. 1959 жылы КОКП ОК жоғары мектебіне оқуға түсіп, 5 жылдан соң саясаттанушы-экономист мамандығын меңгерген. Маңғыстау ауданы комсомолының бірінші хатшысы болып жұмыс істеп, бірнеше рет аудандық Кеңестің депутаты болып сайланған.