2023 жылдың ақпан - наурыз айлары Маңғыстау облысының әкімі Н.А.Ноғаевтың қалалар мен аудандарда халықпен кездесулері өткізіледі, деп хабарлайды mangystaaumedia.kz.
“Сіздер барлық сұрақтарыңызды, ұсыныстарыңызды және ескертпелеріңізді mangystau.gov.kz сайтына, облыс әкімінің блогына, сондай-ақ төмендегі көрсетілген орындарға орнатылған арнайы жәшіктерге салу арқылы жолдай аласыздар”, делінген Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.
Арнайы жәшіктің орналасқан жерлер:
✅ Ақтау қаласы бойынша:
1. Маңғыстау облысы әкімдігінің ғимараты (14 шағынаудан)
2. Абай атындағы мәдени демалыс кешенінің ғимараты (4 шағынаудан)
3. Ақтау қаласы әкімі аппаратының ғимараты (4 шағынаудан)
4. Өмірзақ ауылы әкімі аппаратының ғимараты (Өмірзақ ауылы)
5. «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» (29 шағынаудан «Заветная мечта» т/к)
6. №1 қалалық емхана ғимараты (7 шағынаудан)
7. №2 қалалық емхана ғимараты (26 шағынаудан)