Мұнайлы ауданың тұрғындары кешеден бері ауыз су жоқтығына шағымданып, әлеуметтік желіге жарыса жазуда,-деп хабарлайды mangystaaumedia.kz.
Тұрғындардың айтуынша, ауыз су тоқтағалы үйдің берекесі қашқан. Әсіресе, көпқабатты үйлерге қиындық тудыруда. Қыс мезгілінде су тасу әбігерге салған. Себібі, кешеден бері үйлерге су таситын көліктермен су беріліп Жатыр.
- Су керек, қақаған қыста тезірек беріңіздер. Қара халықты қинамаңыздар,-деп аудан тұрғыны Жеңісгүл әлеуметтік желіге жазған.
«Маңғыстау жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын басшылығының хабарлауынша, қазіргі таңда «Каспий су тұщыту» зауытынан су келмей тұр. Сондықтан ауыз су тоқтаған.
Каспий су тұщыту зауытынан ақпарат күтілюде.