Қазақстандықтар алкогольдік ішімдіктер мен темекіге қанша ақша жұмсайтындығы жөнінде деректерді Бірінші кредиттік бюро ұсынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Спиртті өнімдер мен темекіге ең көп ақша жұмсаған:
- ШҚО — 2022 жылдың III тоқсанында әрбір тұрғын алкогольге 3230 теңге жұмсады, бұл республикалық деңгейден 2,4 есе жоғары,
темекіге-7482 теңге (ел бойынша орташа көрсеткіштен 2,2 есе);
- Павлодар облысында шығындар тиісінше 3052 теңгені және 8957 теңгені құрады;
- СҚО, тұрғындар алкогольге 2772 теңге, темекі өнімдеріне 7631 теңге жұмсайды.
Ал Маңғыстау облысында бұл көрсеткіш едәуір төмен.
Орташа есеппен әрбір тұрғын алкогольге тоқсанына 151 теңге (шамамен үш айда бір сыра құтысы), ал темекіге — 694 теңге (айына бір бума темекі) жұмсаған.