Бейнеу ауданының тумасы, Қазақстанның құрметті құрылысшысы, елге белгілі велошабандоз Раббим Борашов - «Ұлы дала жорығында». Ол екі апталық аламанға қатысып, аттылы шабандоздармен бірге 1 300 шақырымды бағындырмақ.
Раббим Борашов былтыр марафон-бәйгеде Түркістанға дейінгі 1 200 шақырымды бағындырған еді.
Велошабандоз Маңғыстаудың "Көкмойнақ" командасына жанкүйер және сәттілік тіледі.