"Браконьер" жедел - алдын алу іс-шарасы кезінде Қарақия ауданының полиция қызметкерлері ҚР заңнамасын бұзушыны ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ағымдағы жылдың 10 қарашасы күні сағат 08.00 шамасында полиция қызметкерлері LADA 21214 маркалы автокөлікті тоқтатты. Автокөлікке тінту жүргізу кезінде 3 дана бекіре тұқымдас балық табылды, сондай-ақ резеңке қайық, балық аулауға арналған торлар тәркіленді.
32 жастағы автокөлік жүргізушісі ҚР ҚК 339-бабы бойынша жауапқа тартылатын болады (өсімдіктердің немесе жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер немесе жануарлар түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу).
Тергеу жалғасуда.