Yessenov University «Бизнес және құқық» факультеті «Құқықтану» кафедрасының білім беру бағдарламаларын заманауи еңбек нарығының талаптарына сай даярлау мақсатында жұмыс беруші құқық қорғау органдарының өкілдерімен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Антикордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дөңгелек үстел барысында жоғарғы оқу орнындағы жаңадан ашылған «Құқық қорғау органдары», «IT Құқық», «Теңіз құқығы» білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселесі талқыланды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет, Полиция және Әділет департаментінің өкілдері еңбек нарығында заңгерлерге қойылатын талаптарды айтып, бірқатар ұсыныстарын жеткізді.
«Жұмыс берушілер болашақ мамандардың аналитикалық талдау жұмыстарын жүргізу, эссе жазу сияқты қабілеттеріне мән беруі керек деп есептейміз. Өйткені, қазіргі таңда жұмыс барысында осы бағытта жұмыстар жүргізіледі,» деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бас маманы Н.Мұқатай.
Жиында өзге де ұсыныстар талқыланып, назарға алынды.