Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасы бастапқы медико-санитарлық көмек көрсетуді және қоғамдық денсаулықты сақтау ұйымдастыру бөлімі басшысының м.а. Абзал Сырым облыс бойынша 41 694 ауыл тұрғынын скринингтен өткізу жоспарланғандығын мәлімдеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, 18-29 жастағылар – 12 020 адам. 30-44 жастағылар – 14 915. 45-65 жастағылар – 12 822. 66-70 жас – 1937 адамды құрап отыр. Қазіргі таңда 16 625 адам тексеруден өтті. 220 адамнан аурушаңдық белгілері анықталып отыр.
-Скринингтік зерттеулерге жататын ауыл халқы адамдардың қосымша нысаналы топтары: мінез-құлықтық тәуекел факторларын ерте анықтауға, артериялық гипертонияны, жүректің ишемиялық ауруын және қант диабетін ерте анықтауға, асқазан-ішек жолдарының ауруларын және созылмалы бүйрек ауруларын ерте анықтауға, тыныс алу ағзаларының туберкулезін ерте анықтауға, қуықасты безі обырын ерте анықтауға болады. Маңғыстау облысы тұрғындар өздерінің тіркелген емханасы арқылы скринингтік тексерістен өте алады, - деді Абзал Сырым.
Баспасөз конференциясына қатысқан Мұнайлы аудандық ауруханасының директоры Жанар Досжанованың айтуынша, қазан-желтоқсан айларына, ауыл тұрғындарын скринингтік зерттеулерді өткізу басталған.
- І-кезең бойынша 18-29 жас – 3321, 18-39 жас – 6909, 18–70 жас арасындағы 11490, 50-70 жас – 3090, 55-70 жас – 1188 адамды скринингтік тексеруден өткізу жоспарланды. ІІ-кезең үшін жоспар – 18-39 жас – 1588, 18-70 жас – 6894, 50-70 жас – 247, 55-70 жас – 475 адам қамту көзделген. І-кезеңнен өтіп бастаған халық саны – 12215, яғни - 47% құрайды. Жалпы толық өткендер – 6218, яғни – 23,9%. ІІ-этапқа 18-70 жас аралығында тексеруге жіберілген адам саны – 58,-деді Жанар Досжанова.
Айта кетейік, скринингтік зерттеулер - әртүрлі аурулардың ерте сатысында дамуын, сондай-ақ олардың пайда болуына ықпал ететін қауіп факторларын анықтау және олардың алдын алу мақсатында клиникалық симптомдары мен шағымдары жоқ халықты медициналық тексеру кешені.