Қарақия ойпатының маңында бір топ өлген иттің өлекселері жатқан видео әлеуметтік желіде таралуда,-деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, бұл жақында ғана облыстағы елді-мекендердің бірінде тал түсте атылған иттер болса керек.
- Оларды аулағаннан кейін, өлекселері өртемеген, көмбеген. Осылай жата берсе денесі шіріп, әртүрлі инфекцияларды таратуы мүмкін. Осыдан кейін иттерге панажай салуды айтудың өзі ұят. Әуелі жануарларды дұрыстап аулап, утилизация жасауды үйренсін,-деп жазды Азамат Сәрсенбаев өз парақшасында.
Әзірге Мұнайлы ауданының әкімдігі мен құқық қорғау органдарынан бұл жағдайға қатысты ақпарат түскен жоқ.