Мұнайлы ауданы Батыр ауылдық округінде «Ауыл - Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
3 жоба аясында Батыр ауылдық округінің 8 көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Атап айтқанда Емір шағын ауданының I көшесі мен Шерқала, Самал, Тамшалы шағын аудандарының ХII көшелеріне және Емір Шерқала шағын аударының қиысылған көшесіне, Самал Шерқала шағын аудандарының қиылысқан көшелеріне, Самал Тамшалы шағын аудандарының қиылысқан көшелеріне, Хазар Астана Алматы Болашақ шағын аудандарының 7 көшелеріне барлығы 15 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетін болады.
- Тұрғындардың өтініштері негізінде 2022 жылы бірнеше көшені асфальттау бойынша жоба жасалды. Биыл қаржыландыру көздеріне қарай сол жобалар іске аса бастауда. Негізгі басымдық бұрын салынған асфальт жолдарды бір-бірімен байланыстыру, әлеуметтік нысандарға апаратын жолдар мен қоғамдық көліктер қатынайтын жолдарды салу болатын. Жол құрылысы жұмыстарына ауылдың жұмыссыз тұрғындары жұмылдырылатын болады, - дейді ауыл әкімінің міндетін атқарушы Гүлшеру Джайылғанова
Қазіргі таңда жолды тегістеу, күреу, қалпына келтіру жұмыстары жасалуда.