© Взято: Zakon.kz
Бүгін сағат 02:30-да 102 кезекші пультіне 10-шағынауданда жол-көлік оқиғасы орын алғаны туралы шақыру келіп түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
27 жастағы жүргізуші көлік тізгінін басқара алмай, нәтижесінде Mercedes Benz маркалы көлік аударылып, бағанаға соғылды. Зардап шеккендердің үшеуі Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілді, дәрігерлер тексерісінен кейін зардап шеккендердің бірі үйіне жіберілді. Көлік айып тұрағына жабылды.