Бүгін Ақтау қаласының әкімі Ербол Ізбергенов қаламыздың “Алтын алқа” және “Күміс алқа” иелерін марапаттады деп хабарлайды mangsyatumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
“Бұл медальдің дәрежесі олимпиада медалінің дәрежесінен де биік деп есептеймін. Сол себепті мұны сіздерге табыстау - мен үшін зор мәртебе.
Демографияны дамытуға қосып жатқан үлестеріңіз үшін рахмет. Сіздерге ең алдымен, мықты денсаулық тілеймін. Балаларыңыз ел басқарсын. Сіздер жарқырап жүрсеңіздер, елімізде бәрі жақсы болатынына сенімдімін” деді әкім.
Салтанатты шарада Арайлым Ермағанбетова, Венера Калекеева, Марта Кулшинбаева және Ботагөз Тургаева “Алтын алқамен”, ал Самал Бижанова, Динара Дегениязова, Эльвира Демесинова, Нұргүл Исагалиева, Гүлшат Меңдібаева, Маржан Омарова, Гүлмира Рахметова және Самал Сариева “Күміс алқамен” марапатталды.
Жиын соңында аналар естелік фотоға түсіп, марапат үшін алғыс білдірді.