Ақтау қаласы әкімдігі мен халықты жұмыспен қамту орталығының ұйымдастыруымен жұмыссыздарға арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жәрмеңкеге 18 жастан бастап, зейнеталды жасына дейінгі 200-ден астам тұрғын келді. Оларға 30-дан аса мекеме өкілдері жұмыс ұсынды.
-Жәрмеңкеге келген тұрғындар өздеріне ұнаған мекемелерге түйіндемелерін жазып қалдырды. Бұл жұмыс орындары тұрақты жұмыс ретінде ұсынылады,-деді жұмыс берушілермен жұмыс жасау секторының маманы Рахат Тілегенов.