Қытайда өтіп жатқан Дүниежүзілік универсиадада Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы жүлде түсті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
28 шілдеде Қытайда ХХХІ Дүниежүзілік жазғы универсиада ойындары басталады. Спорттық дода 8 тамызға дейін жалғаспақ.
Универсиадада дзюдодан 66 келі салмақта бақ сынаған маңғыстаулық Сұңғат Жұбатқан ел қоржынына алғашқы жүлде салды. Үшінші орын үшін белдесуде өзбекстандық қарсыласын жеңіп, қола жүлдеге ие болған Сұңғат Жұбатқан 1998 жылы Шетпе ауылында дүниеге келген.
Сұңғат Жұбатқан – Дзюдадан Азияның, Еуропаның,Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы. Сондай-ақ, Самбодан Азия чемпионы атағына ие. Әлемнің күміс және қола жүлдесінің иегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері.
Айта кетейік, Қазақстанның 90 спортшыдан тұратын командасы спорттың 10 түріне қатысады: садақ ату, гимнастика, жеңіл атлетика, семсерлесу, дзюдо, жүзу, үстел теннисі, таеквондо, оқ ату және ушу.