Ведомствоаралық комиссия мүшелері вейптерге, оларға арналған сұйықтықтар мен хош иістендіргіштерге толығымен тыйым салу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл туралы «Республика» партиясы өзінің Telegram-каналында хабарлады.
«2023 жылғы 10 мамырда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Республика» партиясының фракциясының мүшесі Нұргүл Тау еліміздің Премьер-Министріне депутаттық сауал жолдады.
Қазақстандықтардың балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында вейптердің таралуын тоқтатуды талап еткен үндеулері негізінде өтініш негізге алынды», - делінген хабарламада.
Депутаттың айтуынша, ведомствоаралық комиссия мүшелері бірауыздан дерлік (12-2) вейптерді сатуға, әкелуге, экспорттауға және өндіруге толық тыйым салуға дауыс берді.
Қаржы министрлігінің мәліметінше, соңғы екі жылда электронды темекі сату айналымы 300 есеге өскен. Соңғы бірнеше жылда балалар мен жасөспірімдердің вейптерді тұтынуы айтарлықтай өсті. Вейп сату - ең танымал бизнеске айналып, 2,5 жыл ішінде елімізге 3 миллионға жуық вейп әкелінген.