Маңғыстау облысында жартасқа атын жазған Ақтөбе қалалық зағиптар үйінің директоры қызметінен босатылды. Бұл туралы ақпаратты өңірдің мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Алтынай Юнисова растады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Ақтөбедегі зағиптар мәдениет үйінің директоры Маңғыстау облысындағы вандалдық әрекеті үшін жұмыстан босатылды. Табиғатқа келтірген әрекетінен кейін ол өз еркімен өтініш жазып, қызметінен кетті», - деді Алтынай Юнисова.
Бірнеше күн бұрын Маңғыстау облысында туристік орталыққа айналған орындағы жартасқа адам есімін қашап жазған азамат туралы бейнежазба тараған болатын. Оның шектен шыққан әрекетін демалушылардың бірі түсіріп алып, ескерту жасаған.
Кейін белгісіз адамның көршілес облыстағы зағиптар мәдениет үйінің директоры екені айтылды. Шулы оқиғадан кейін Ақтөбе облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы дауға қалған азаматқа қатысты профилактикалық әңгіме жүргізілетінін жеткізген еді. Алайда айыпталған адам өзінің әрекетін бейпіл сөзді өзгертуге әрекеттегенімен түсіндірді.