30 тамыздан бастап жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін электросамокат жүргізушілері ресми түрде жауапқа тартылады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, 29 маусымда Мемлекет басшысы «Кейбір заңнамалық актілерге жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын. Заң ресми түрде жарияланды және 2023 жылғы 30 тамызда күшіне енді.
Заңда «Жол жүрісі туралы» заңға өзгерістер енгізілді, онда көліктің жаңа түрлері – «электро мотороллер» және «шағын электрлі көліктер» мәртебесі айқындалды.
Қолданыстағы заңнамада бұл заң бұзушылықтар үшін жауапкершілік қарастырылған.
Осылайша, құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларӘкімшілік кодекстің 593-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады (5 АЕК айыппұл) немесе ӘҚБтК 620-бабы бойынша (ескерту немесе 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салу) қарастырылған. Ол құқық бұзушылықтың құрамына қарай ӘҚБтК-де жеке құраммен жауапкершілік туындамайтын жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін қолданылады.