2023 жылғы 1 қаңтардан бастап АЕК мөлшерінің ұлғаюы жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін салынатын айыппұлдар сомасының өсуіне әсер етті, деп хабарлайды mangystaumеdia.kz.
Енді зиянды нәрселер тастағаны үшін немесе шамадан тыс шу шығарғаны үшін, жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзғаны үшін ең төменгі айыппұл 2 АЕК немесе 6900 теңгені құрайды.
Айтпақшы, автокөлікті сақтандырудың жоқтығы үшін мемлекет қазынасына 17 250 теңге, құқықсыз көлік жүргізгені үшін – 69 000 теңге, ал құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқарғаны немесе ЖКО орнын қалдырғаны үшін– 172 500 теңге төлеуге тура келеді.
Авариялық жағдай туғызғандар 34 500 теңге айыппұлмен жазаланады. Жылдамдықты 10-20 км/сағ асырғаны үшін айыппұл 17 250, 20-40 км/сағ – 34 500 және 40 км/сағ – 69 000 құрайды.