2022 жылы елімізде ашылған жаңа мектептер, ауруханалар мен мәдени-қоғамдық нысандардың саны артып, әлеуметтік төлемдердің де көлемі өсіп отыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлеуметтік салада азаматтардың табысын арттыру мәселесін айналып өтуге болмайды. 2022 жылы 3 млн-нан астам адамның жалақысы өскен. Дәрігерлердікі 30%-ға, мұғалімдердікі 25%-ға, бюджет саласы қызметкерлерінің айлығы 20%-ға, өндірістік қызметкерлердікі 10-50%-ға артып отыр.
Ғалымдардың жалақысы 2 есе артып, ғылыммен айналысатын жас мамандарды қолдауға 1 000-нан астам грант бөлінді. Дарынды ғалымдарға (35 жасқа дейін) жыл сайын 50 мемлекеттік ғылыми стипендия беріледі, ал 2023 жылы студенттер стипендиясын тағы да көбейту жоспарланып отыр. Ауылдарда ел халқының шамамен 40%-ы тұрады, осыған байланысты Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша таяу бес жылда шағын несиелендіру қолжетімді болып, ауыл тұрғындарының табысын ұлғайту жөніндегі жобаға 1 трлн теңге бөлінеді.
Елімізде қазіргі таңда шамамен 2,2 млн зейнеткер бар. Мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны – 1,8 млн адам. 2022 жылы 140 мыңнан астам отбасына немесе 724 мыңнан астам адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы 378 мыңнан астам балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакет берілді. Биыл 4,4 млн адам 4,6 трлн теңгеге ұлғайтылған әлеуметтік төлем алады.