Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен «Жер сағаты» 25 наурыз күні сағат 20:30-дан 21:30-ға дейін (Астана уақыты бойынша) өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Дәстүр бойынша, наурыздың соңғы сенбісінде әртүрлі экологиялық тақырыптарға назар аудару үшін дүние жүзіндегі миллиондаған адам 20:30-дан 21:30-ға дейін үйіндегі шамдарды символдық түрде өшіреді. Сонымен қатар, әлемнің мыңдаған сәулет ескерткіштері мен маңызды ғимараттары да жарықты өшіреді. Бұл науқанды елдердің мемлекеттік және жеке ұйымдары да қолдайды.
Қазақстанда «Жер сағатын» WWF Орталық Азия бағдарламасы, Қазақстанның экологиялық ұйымдарының қауымдастығы, G-Global жасыл экономика және даму коалициясы және «Тұрақты даму» Жер Қоры ұйымдастырды.
Жыл сайын осы акцияға әлемнің 180-нен астам елі қатысады. Қазақстан «Жер сағаты» акциясын 14-рет жасайды.
Өткен жылдары Қазақстанда акция экологиялық белсенділік, жануарлардың сирек кездесетін түрлерін қорғау және экотуризм мәселелеріне баса назар аударды. 2023 жылы республикадағы «Жер сағаты» елдің табиғатын сақтаудың маңыздылығы тақырыбына орайластырылды.
«Жарықты өшіру – Бұл акция тақырыбына адамдардың назарын аударуға себеп екенін түсіну маңызды. Біріншіден, "Жер сағаты" - бұл табиғатқа ұқыпты қараудың экологиялық үндеуі, бұл планетаның климатын сақтау және оның шектеулі ресурстарына қамқорлық жасау үшін қатаң шаралар қабылдау. Мұндай іс-шара көптеген адамдарға экологиялық жауапкершілікті жеке көрсетуге көмектеседі. 2023 жылы акция Қазақстанның барлық тұрғындарын өз таңдауын жасауға – туған табиғатына көмектесуге шақырады",- дейді WWF Орталық Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.
Науқан туралы толық ақпаратты earthhour.kz сайтынан алуға болады.