© Newscorr
Атыраулық балықшылар Жайық өзенінен ауланған бекіренің уылдырығын алып, суға қайта жіберді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Экспресс К»-ге сілтеме жасап.
Өйткені мұндай ірі балықты жергілікті бекіре өсіру зауытында асырауға мүмкіндік жоқ.
Аталған аналық бекіреден 35кг уылдырық алынған.
Мамандардың айтуынша, 35 кг уылдырықтан 1 миллион 200 мың шабақ өсіруге болады. Олар зауыт тоғандарында бағылып, бойы 12-15 сантиметрден, салмағы 70-100 грамнан асқан соң Жайық өзеніне жіберіледі. Одан әрі табиғи жолмен өсіп, Каспий теңізін мекендейді. Аталық немесе аналық жасқа жеткенде, Жайық өзеніне қайта келіп уылдырық шашуы тиіс.