Сарапшылардың пікірінше, киік популяциясының артуы жұқпалы және паразиттік аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Сонымен қатар оралдық фермерлер да киіктерге шағымданады. Олар ауылшаруашылық жануарларына арналған барлық өсімдіктерді таптап, жеп кететін көрінеді. Мәселен, киіктердің екі үлкен популяциясы мекендейтін Ақтөбе облысында ақбөкендер таптаған 16 мың гектарға жуық егістік алқаптары анықталған. Фермерлер тапталған егін алқаптары үшін өтемақы талап етіп, аумақтарды киіктерден толығымен қоршауды сұрайды. Алайда ғалымдар тығырықтан шығудың басқа жолын – Орал популяциясындағы киіктердің санын реттеу туралы айтады. Бұл шаруа қожалықтарына зиян келтірмеуге ғана емес, сонымен қатар оның тығыздығы мен үлкен көлеміне байланысты халық арасында әртүрлі аурулардың пайда болу ықтималдығын азайтуға көмектеседі. Бұл аурулар адамға жұғуы мүмкін, өйткені, Батыс Қазақстан облысында ақбөкендер ауылдарда жайылуда. Дегенмен, ғалымдар барлық популяцияны жоюды емес, рационды популяцияны қалдырып, қалған жануарларды тамақ үшін қолдануды ұсынып отыр. Бірақ ол үшін ет комбинаттарын дайындау қажет. Олай болмаса жазда болған қуаңшылықты ескерсек, даладағы ақбөкендердің өзі ауру мен аштықтан қырыла бастайды.
Сонымен қатар киіктерді атуға мораторий 2024 жылға дейін ұзартылды. Ақтөбе облысында қазір шаруа қожалықтарына атыс қаруын қолдануға рұқсат беру мәселесі қаралуда. Дегенмен ату үшін емес, тек киіктерді үркіту үшін ғана қолданылмақ.
Мамандар киіктердің санын реттеу мәселесін мемлекет бақылауында ұстау керектігін айтады. Ал браконьерлер қымбат мүйізге қызықпау үшін атуға тек мемлекеттік органдар ғана рұқсат беруі керек.