Әскери борышын өтемеген азаматтар әскери билет алу қажеттілігінен босатылады, бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін айтарлықтай төмендетіп, бюджетті үнемдеуге мүмкіндік береді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
Бұл бастама әскери кафедраны цифрландыру барысында жүзеге асырылып жатқан шаралардың бірі.
2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап еліміздің барлық өңірлерінде тіркеу науқаны проактивті форматта жүзеге асырылатын болады.
- Бұл азаматтарды әскери комиссариаттарға жеке келу, медициналық куәландырудан өту және жеке істерді әзірлеу үшін құжаттар жинау қажеттілігінен босатады. Одан бөлек әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу туралы куәліктерді алу қажеттілігі де болмайды, - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан хабарламада.
Деректер базасын интеграциялау ел ішінде тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты әскери комиссариатқа келу қажеттілігін жояды. Ведомство өкілінің ақпараты бойынша азаматтарды әскери есептен шығару және қою тіркелген мекен-жайы бойынша автоматты түрде жүзеге асырылады.