Рухани - адамгершілік тәрбиесі – жеке тұлғаның әдеп ұстанымы мен қоршаған ортадағы адамдармен қарым-қатынасында маңызды. Сол себепті мемлекеттік қызметкерлерді адамгершілік-құқықтық тәрбиелеу қажет.
Адам баласы – рухани жаратылыс. Рух немесе руханият дегеніміз іштегі еркіндік, ол ұлттық рухта берілген тәрбиенің жемісі. Өз елінің тарихын, өз ана тілін сүйген адам өз халқына қалтқысыз қызмет ете алады. Рухани байлығы жоқ адамнан патриот шықпайды.
Сондықтан жас ұрпаққа ұлттық рухта тәрбие беру мен терең, жан-жақты білім беруді ұштастыра жүргізу аса маңызды. Рухани жан дүниесі бай, білімді, білікті адамдар мемлекеттің байлығы. Мемлекетті қорғайтындар да осындай жүректі - рухы биік адамдар. Олар өз елі мен жерін сүюмен бірге, өз елінің салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын өте жақсы білетін, өз балалары мен жастарды ұлттық рухта тәрбиелеуге қатысады. Олардың бойына мемлекетшілдік пен туған елге қызмет етуді сіңіреді. Әрбір мемлекеттік қызметкер өзі осы асыл қасиеттерді өз бойына сіңіріп, өзінің әріптес жас іні-қарындастарына осылайша жөн көрсете білсе, Жаңа Қазақстанның болашағы жарқын болары сөзсіз!
Маңғыстау облысы бойынша
Қазынашылық департаменті
басшы орынбасары Д.Келдибаева