«ADAL» саяси партиясынан Қарақия аудандық мәслихаты депутаттығына үміткер Айтбай Қанат ауданға қарасты бірқатар елді мекендерді аралап, тұрғындармен кездесті. Құланды, Сенек, Бостан және Болашақ ауылдық округі халқымен жүздесіп, бірқатар өзекті мәселелерге тоқталды. Кездесулерде ауылдың экономикалық жағдайы, жұмыссыздық мәселесі, ауыл халқына арналған демалыс кешендері мен саябақтар және мектеп, балабақша санын көбейту төңірегінде мәселе қойылды. Құрық ауылындағы «Алтын алқа» иегерлері Ниязова Ырысты, Қамысбаева Қымбат және Қамысбаева Айтгүл есімді батыр аналардың үйлеріне барды. Осы ауылдағы «Газ шаруашылығы мекемесі», «Коммуналдық төлемдер мекемесі» және №1 орта мектеп қызметкерлерімен кездесіп, еркін сұхбаттасты.
Шынар КЕНДІН