Қалмұханбет Қасымов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақордаға сілтеме жасап.
Қалмұханбет Қасымов 1957 жылы 18 мамырда Алматы облысында дүниеге келген.
1979 жылы С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген.
Еңбек жолы:
1979-2005 жылдары ішкі істер органдарының жедел-тергеу бөлімшелерінде қызмет атқарған (Алматы қ., Астана қ. және Алматы облысы).
2005-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі, бірінші вице-министрі.
2009-2011 жылдары – Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті бастығы.
2011-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі.
2019 жылғы 12 ақпанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды.
«Даңқ» орденінің кавалері.
Полиция генерал-полковнигі.
Айта кетейік, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы қызметінен босатылды.