Учаскелік полиция инспекторлары тәртіп бұзушының жеке басын анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып.
Еске сала кетейік, жуырда mangystaumedia.kz сайтында көшенің қақ ортасында дәрет сындырған ер адамның бейнежазбасы жарияланды. Желі қолданушылары оған айыппұл салуды талап еткен еді.
Полиция департаменті қоғамдық тәртіпті бұзушыға ҚР ӘҚБтК 434-2 б. 2 (Ұсақ бұзақылық) бойынша айыппұл салынғанын хабарлады. Айыппұл сомасы 5 АЕК (15315 теңгені) құрайды.