Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері жалпыұлттық референдумда өз таңдауын жасап, дауыс берді.
Теңіз жаяу әскери бригадасында орналасқан № 61 сайлау учаскесінің ашылуы мемлекеттік Әнұранмен басталды.
Қатысушылардың басым бөлігі алғаш рет дауыс беріп жатыр. Соның бірі 6 ай бұрын әскерге Алматы облысынан шақырылған Нұрдаулет Нұрлыбеков.
"Бүгін ерекше күн. Себебі, Қазақстан Республикасының азаматы ретінде алғаш дауыс беру құқығымды пайдаландым" - деді қатардағы жауынгер Нұрдаулет Нұрлыбеков.
Айта кетейік, әскери бөлімде референдум өткізуге барлық жағдай жасалған. Сайлау жәшіктері мен онға жуық дауыс беруге арналған кабиналар.