Бейнеу халқына ғасыр әже деп танылған Қалиева Сырға Тілеубайқызы өз сайлау учаскесіне барып, бүгінгі науқанынан қалыс қалмай дауыс берді.
- Бір ғасыр куәгерімін. Талай қиыншылықтарды басымнан кешірдім. Біздің ұрпақтың көрген қиыншылығын жастарымыз көрмесін. Еліміз аман, жеріміз тыныш, аспанымыз ашық, дұшпанымыз қашық болсын,- деп Сырға әже аналық батасын берді.