Былтыр мерекелер тізіміне енген бұл дата – елдегі жалғыз ұлттық мейрам болып саналады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Республика күнінің тарихы тоқсаныншы жылдардан басталады. 1990 жылы 25 қазанда "Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы" декларация қабылданды. Бұл Қазақстанның тәуелсіздік алуына жол ашқан маңызды құжат болатын. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланды, мемлекеттік қағидаттары бекітілді.
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Республика күні жыл сайын 25 қазанда аталып өткен.
1995 - 2001 жылдары "ұлттық мереке" ретінде тойланды. Кейін 2009 жылы мерекелер қатарынан алынып тасталды.
Осылайша араға 13 жыл салып 25 қазан - Республика күніне ұлттық мереке мәртебесі беріліп, ел бұл күнді дүркіретіп атап өтеді.