Құрметті маңғыстаулықтар!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке – еліміздің қауіпсіздігін, Отанымыздың тыныштығын қорғап жүрген айбынды азаматтарымызды құрметтеп, ұландарымызды ұлықтайтын күн.
«Ер – елінің қорғаны» деген. Бүгінгі Қазақстан әскері – батыр ата-бабаларымыздың ерлігін жалғастыратын патриоттық мектеп. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев әскерилерге әрбір қазақстандықтың қауіпсіздігін көздің қарашығындай сақтап, ел шебін сенімді күзету жауапкершілігі жүктелгенін айтқан болатын.Өйткені, Отанға қалтқысыз қызмет ету және оны қорғау – әрбір азаматтың қасиетті борышы.
Елімізде өмір сүріп жатқан әрбір азамат мемлекетіміздің өркендеу жолында қалтқысыз қызмет етіп, болашағымыздың жарқын болуына өз үлесін қосуы керек. Қай кезде де тәуелсіздік тұғырын биік ұстау, еліміздің өркендеу жолында табанды қызмет ету – басты парыз.
Тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыз, тыныштығымыз бен бейбіт өміріміздің кепілі – қуатты әскеріміз бен ұлттық Ұланымыздың абыройы асқақтай берсін!Сіздерге сарқылмас ерік-жігер, мықты денсаулық, бақыт-береке тілеймін!
Ел іргесі бүтін, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметпен,
Маңғыстау облысының әкімі
Нұрлан Ноғаев.