Мұнайлы ауданында “Үздік педагог - 2022” байқауының жеңімпазы Замира Алдабергенова №196 сайлау учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.
Мұнайлы ауданы Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, педагог-шебер Замира Алдабергенова саяси науқаның маңыздылығына тоқталды.
- Бүгін — ерекше күн. Себебі халық үні, халықтың мұң-мұқтажын билікке жеькізетін депутаттарды сайлап жатырмыз. Сондықтан бүгін ел келешегіне бейжай қарамайтын, балаларының болашағына алаңдайтын әрбір адам дауыс беруі тиіс. Қазақстанның кемелденуі және ел болашағының баянды болуы үшін әр тұрғынның таңдауы маңызды. Осы уақытқа дейінгі барлық сайлауға қатысып келемін,-деді Замира Алдабергенова.
Айта кетейік, Замира Алдабергенова «Білім үздігі» премиясының «Дарынды балалар жетекшісі», «Үркер» шығармашылық орталығының «Үздік жетекші» номинанты. Ардақты ұстаз ҚР Білім және ғылым министрінің, Маңғыстау облысының білім басқармасының, «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ның, Халықаралық ғылым мен білімнің инновациялық әдістеме орталығының Алғыстарымен және Құрмет грамоталарымен марапатталғанын мақтанышпен жеткізді.