«Каспий» ӘКК» АҚ-ның басшылық құрамы Алматы қаласына жасаған іс сапарында «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына барды. Тараптар Алматы қаласы мен Маңғыстау облысындағы өңіраралық өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz «Каспий» ӘКК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Каспий» ӘКК мәліметіне сүйенсек меморандум ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен қайта өңдеушілерді ынталандыру үшін қолайлы жағдай жасауға жол ашады. Одан бөлек өңіраралық ынтымақтастық шеңберінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру бойынша жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік бермек.
Сапар барысында «Каспий» ӘКК өкілдері «Алматы» ӘКК» АҚ-ның еншілес ұйымдары болып есептелетін «Almaty Finance», «AlmatyMFO» қаржылық ұйымдарының, сондай-ақ индустриалды аймақ жұмысымен танысты.
Іскерлік сапар аясында екі тарап тәжірибе алмасып, алдағы уақытта жұмыс барысында берік ынтымақтастық орнатуға уағдаласты.