Таң атысымен өндірістік цехтар мен бөлімшелер қызметкерлері Қаражанбас кен орнының вахталық кентінде орналасқан №236 сайлау учаскесіне келді.
Дәстүр бойынша, Мемлекеттік әнұран орындалып, мұнайшылар дауыс беруге кірісті. Алғашқылардың бірі болып ҚБМ Бас директоры Нұрсейіт Союнов бастаған компания басшылары өздерінің конституциялық құқықтарын пайдаланды.
Қаражанбастықтардан жоғары жауапкершілік патриоттық сезім анық байқалады. Бақылаушылар сайлаушылардың белсенді дауыс беріп жатқанын, ұйымдастыру деңгейінің жоғарылығын атап өтті.
«Бүгін біз әділдік пен тәртіп үшін дауыс бердік. Сайлау нәтижесі саяси жаңарудың айқын үлгісі болуы керек. Сондықтан әрбір азамат еліміздің болашақ тағдырына өз үлесін қосуы қажет», - деді №3 МӨЦ операторы Қайрақ Жарылғас.
Жалпы, сайлау барысы патриотизм мен бірлік атмосферасында өтіп жатыр. Айта кету керек, вахтааралық демалыста жүрген қаражанбастықтар да орталық кеңсе қызметкерлері сияқты тұрғылықты жері бойынша учаскелерде дауыс береді.