20 наурыздан бастап Құрманғазы Исказиев «Kalamkas-Khazar Operating» ЖШС бас директоры қызметіне ауысуына байланысты «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ Ақтау қаласындағы өкілдігінің директоры қызметінен кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бұған дейін ол «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасының барлау және өндіру жөніндегі орынбасары қызметін атқарған.
Құрманғазы Исказиев «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ-ның Ақтау қаласындағы өкілдігінің құрылуына үлес қосты, Маңғыстау облысының мұнай-газ кешені кәсіпорындарының ұжымдарында әлеуметтік-еңбек дауларын шешу және жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыс жасады.