Маңғыстаулық полицейлермен өзге қала тұрғынын алдап кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атырау қаласының тұрғыны “Грузия мемлекетінен автокөлік әкеліп беремін” деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмаған азаматқа қатысты полицияға арызбен жүгінді. Белгілі болғандай, күдікті жәбірленушіден 1 млн 995 мың теңге көлемінде қаражат алған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 42 жастағы Мұнайлы ауданының жергілікті тұрғынының жеке басы анықталып, ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.
Маңғыстау облысы полиция департаменті тұрғындар мен қонақтарды сақ болуға және ешқандай жағдайда ақша қаражатын бейтаныс адамдарға бермеуге, өздерінің банк карталарының нөмірлерін және құпиясөздерін, басқа да жеке ақпаратарын хабарламауға шақырады.