Менің басты мақсатым – «Ақ жол» демократиялық партиясының «ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРІСТЕР ҚАЖЕТ» саяси бағдарламасын іске асырып, сайлау округінің аумағында тұратын азаматтарға олардың тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу.
Менің сайлауалды бағдарламамның негізгі бағыттары:
ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫЛАР!
Бұл менің жаңа жоспарларым мен міндеттерімнің бір бөлігі ғана. Бізде өңірлерді дамытуға арналған бағдарламалар бар. Осы бағдарламалар аясында жүйелі жұмыс атқарып, халқымның сенім білдірген үміті мен артқан аманатын адал арқалаймын!
Кандидаттықты – мандаттыққа айналдырып, халық үнін жеткізу мүмкіндігін сыйлайтын – Сіздер! Сондықтан, МАҒАН ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫН!
Құрметпен, Белшер Нурлан Тукмағанбетұлы
Өмірбаян
Белшер Нұрлан Тукмағанбетұлы 1973 жылы 14 шілде күні Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. 1989 жылы Жаңаөзен қаласындағы №2 жалпы білім беру орта мектебінде біліп алып, аяқтап шыққан. Білімі жоғары, 2000 жылы Ақтау қаласындағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжениринг университетін бітірдім, 2019 жылы Almaty Management University бітірдім. Отбасылы, 3 баласы бар.
Еңбек жолы:
1989 жылы «Өзен бұрғылау басқармасы» мекемесінде тоқ жөндеуші;
1996ж. көлік цехының бақылаушы механигі қызметкері;
1997ж.- аға механигі қызметінен бастап, бақылаушы механигі, көлік бойынша инженері, көлік бойынша жетекші инженер, мұнара құрылысы және көлік бойынша бастықтың орынбасары, көлік бойынша атқарушы директоры болып жұмыс атқарды.
2000 - 2007 ж аралығында «Бұрғылау» ЖШС босатылмаған кәсіподақ комитетінің төрағасы;
2012 – 2016 ж аралығында «Бұрғылау» ЖШС бас директордың логистика және көлік бойынша орынбасары;
2016ж. - «MH INDUSTRY» ЖШС –нің көлік бойынша бас директордың орынбасары;
2016 – 2017ж. «СБП «КазМунайГаз-Бурение» ЖШС-нің көлік жөніндегі бас директорының орынбасары;
2017 – 2020 аралығында «Мұнай көлік» ЖШС бас директоры;
2020жылдан бастап осы күнге дейін «МунайФилдСервис» ЖШС бас директоры;
2022 жылы - Жаңаөзен қаласының «ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» атағы берілді.
Нұрлан Тукмағанбетұлының сайлау қорының қаражатынан төленді