4 желтоқсан күні сағат 21:24-те Маңғыстау облыстық ауруханасының жедел жәрдем бөліміне үш науқас түсті. Оның ішінде 17 жастағы жасөспірім балалар ауруханасына жатқызылды. Ал 34 жастағы тұрғын мен 51 жастағы әйел ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық ауруханасының баспасөз қызметі хабарлады.
- Ер адамда оң жақ бұғана ортасының үштен бір бөлігінің сүйек сынықтары, ығысқан жабық ұсақталған сынығы бар, қазір травматология бөлімінде ем қабылдауда. Әйелде ілеспе жарақат, жабық бассүйек-ми жарақаты, ми шайқалу, бетінің сол жағында көгерген кең жарақат, қабырғасының жабық сынықтары бар. Науқас нейрохирургия бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында, - деп хабарлады Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, жол апаты 4 желтоқсан күні сағат 19:50-де Ақтау-Құрық тас жолының 71/6 шақырымында болған. Оқиға орнында ер адам қаза тауып, алты адам зардап шекті.