15 қазаннан бастап Ақтаудағы тұрғын үйлерге жылу беру басталды. Жылуға қосылған үйлердің тұрғындары қысының төмендігі мен құбырлардың жылымайтынына шағымданады. "КЖСА" МКК барлық нысан жылу желісіне қосылғаннан кейін қысым тұрақталатынын атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz тілшісі.
- Кешеден бастап тұрғын үйлерді жылуға қосып жатырмыз. Қысым төмендейді, бірақ MAЭK қысымды кезең-кезеңімен көтереді. Қаладағы бүкіл тұрғын үйге жылу берілмейінше қысым тұрақты болмайды, - деді «Каспий жылу, су арнасы» МКК бас инженері Асқар Дүзмағамбетов.
Жылыту маусымының басында инженерлік жылу желілеріндегі әлсіз тұстарды да анықталды. Кәсіпорын бас инженерінің айтуынша су, кәріз коммуникациялары жарылған.
- Бізде күн сайын жарылған желілерді жөндеу үшін 10 бригада жұмыс істеп жатыр. Олар жылу желілерін ғана емес, су құбырларын, кәріздерді де қалыпқа келтіріп жатыр, - деп атап өтті Асқар Дүзмағамбетов.
Махаббат Нұржанқызы