Жеңілдетілген салық режиміндегі жеке кәсіпкерлер жылына 2-рет 910.00 нысандағы декларация есепті тапсырады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасына сілтеме жасап.
- Аталған санаттағы жеке кәсіпкер әр жартыжылдықтан кейін есеп тапсыруы қажет. Оның 2 тапсыру мерзімі бар: қаңтар-маусым айларының есебін 1 шілдеден-15 тамызға дейінгі аралықта тапсырса, шілде-желтоқсан айларының есебін 1 қаңтардан-15 ақпанға дейінгі аралықта тапсыруға міндетті,- делінген басқарма хабарламасында.