7-9 желтоқсан күні Астана қаласында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың қатысуымен өңірлердегі балалар өкілдерінің конференциясы өтті. Шараға қатысқандардың арасында Жаңаөзен қаласы бойынша Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Серік Абдулазиз бар, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Қоғамдық коммуникация орталығына сілтеме жасап.
Конференцияда «Қазақстан Республикасындағы бала құқықтары: қорғаудың жаңа тетіктерін енгізу» тақырыбы қозғалды.
Серік Абдулазиз – оқу үздігі, осы оқу жылынан бастап мектеп президенті. «Балалардың құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі балалар өкілдіктері» балалар қозғалысының мүшесі. Абдулазиздің ұстанымы - «Қай істің болсын өнуіне үш шарт бар: ең әуелі – ниет керек, одан соң – күш керек, одан соң – тәртіп керек»(М.Ә).
-Жастайынан зерек, өз-өзіне сенімді, білімге құштар шәкірттің алар асуы әлі алда, дейді оқушының ұстаздары.