Бұл туралы Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
28 мамыр күні сағат 17.00 шамасында 102 кезекшінің пультіне Жаңаөзен қаласындағы 4 шағын ауданда ер адам кәмелетке толмаған қызды зорламақ болғаны туралы шақыру келіп түсті.
- Бұл дерек ҚР ҚК 124-бабы бойынша Жаңаөзен қаласы ПБ ЕҚДБ-да тіркелген. 37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді, - деп хабарлады облыс ПД-нің баспасөз қызметіндегілер.